Облыстың банк секторы. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) 14 филиалы, 44 бөлімшесі, 57 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2025 жылғы қаңтар-наурызда облыстың ЕДБ филиалдарымен 231,8 млрд теңге сомасына несие берілді, бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 6,2 %-ға көп. Заңды тұлғаларға несие беру 1,7%-ға 57,5 млрд теңгеге дейін азайды, ал жеке тұлғаларға 9,1%-ға 174,3 млрд теңгеге дейін көбейді. 2025 жылғы қаңтар-наурызда азаматтарға тұтыну мақсаттарына 133,0 млрд теңге берілді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 9,4%-ға жоғары. 2025 жылғы 1 сәуірде облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 923,6 млрд теңгені құрады, 2024 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 15,6%-ға өскен. Жеке тұлғалардың берешектері 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ға көбейді және 785,4 млрд теңгені құрады, заңды тұлғалардікі – 11,7%-ға және 138,2 млрд теңге. 2025 жылғы 1 сәуірде тұрғындарға тұтыну мақсаттарына берген несиелер бойынша берешектер 515,0 млрд теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 23,1%-ға өсті. Осы орайда жеке тұлғаларды несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 65,6%-ды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірде несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 38,7 млрд теңгені құрады немесе ЕДБ филиалдарының несие портфелінің 4,2%. Облыстың депозит нарығы. 2025 жылғы 1 сәуірде ЕДБ филиалдарындағы салымдар 2024 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 26,2%-ға көбейді және 872,8 млрд теңгеге жетті. Жеке тұлғалардың депозиттері 26,6%-ға өсті, заңды тұлғалардікі – 25,4%-ға. 2025 жылғы 1 сәуірде ұлттық валютадағы салымдардың жалпы көлемдегі үлесі 75,6%-ды құрады, ал шетел валютасымен – 24,4%. Облыстың валюта нарығы. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 81 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 57 – уәкілетті банктердікі, 12 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 12 – уәкілетті ұйымдардікі. 2025 жылғы қаңтар-наурызда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 15,2 млн АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2024 жылдың көрсеткішінен 9,1%-ға төмен. Сонымен қатар 0,8 млн еуро (16,5%-ға азайды), 392,6 млн ресей рублі (14,3 %-ға кеміді) сатып алынды. Облыстың айырбастау пункттерімен 2025 жылғы қаңтар-наурызда халыққа 64,1 млн АҚШ доллары сатылды, 2024 жылмен салыстырғанда 23,1%-ға кеміген. Бұдан басқа халыққа 3,5 млн еуро (7,9% өсті), 447,8 млн ресей рублі (18,3%-ға кеміді) сатылды. Төлем карточкаларын пайдалану. 2025 жылғы 1 сәуірде айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 2 852,8 мың бірлікті құрады. Облыста 586 банкомат, 50 521 POS-терминал жұмыс жасайды. 2025 жылғы қаңтар-наурызда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 1 021,2 млрд теңге сомасына (2024 жылмен салыстырғанда 17,1%-ға өсті) 96,3 млн транзакция (өсім 13,0%) жасалды. 2025 жылғы қаңтар-наурызда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 180,7 млрд теңге сомасына (2024 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға кеміді) 1,8 млн транзакция (11,2%-ға кеміді) жасалды