Облыс тұрғыны жемқорлықты хабарлап,12 миллионға ие болды

yandex.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды. Бұл параның жалпы сомасының 10% құрайды.

2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат көтермеленді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына түседі.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады.

 Өтініштердің көпшілігінде мынадай фактілер бар: қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара талап ету, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, «қамқорлық» көрсеткені үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуларыңызды сұрайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT