«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атап айтсақ, автомобиль жолдарына мобильді кең жолақты интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу және трансмиссиялар орнату, электр энергиясын жеткізу көзделген. - Бұл жоспарды іске асыру мақсатында басқарма «КСЕЛЛ» АҚ және аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп, республикалық автомобиль жолдарында антенналық-діңгектік құрылым қондырылатын орындарын қосымша зерделеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді. Бүгінде АДҚ орнату орындарын өз меншігіне тіркей отырып, талшықты-оптикалық байланыс желісі және электр энергиясын қосуға техникалық шарттар алынды. Жұмысты жеделдету мақсатында бес АДҚ құрылыстарына жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары бойынша демеуші компаниямен меморандум жасақталып, барлығына сараптамадан оң қорытынды алынды, - деді облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов. Анықтама үшін: аймақтағы 153 елді мекеннің 132-сі интернет желісімен қамтылды. Сондай-ақ Атырауда 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 108, ал Құлсарыда 6 базалық станция бар. Айта кетейік, 132 елді мекенге қосылған интернет желісі «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес орнатылды.
Облыс халқын интернетпен қамту үлесі 99,6%-ды құрайды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 75
