Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында кеңес құрылды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Саденовтың нұсқауына сәйкес Атырау облысы полиция департаментінде нашақорлықтың алдын алу бағытында қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды заттардың таралуының алдын алу және осы бағыттағы алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу.

Кеңестің төрағасы болып Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құттыбай Садықов тағайындалды. Ал, оның бірінші орынбасары ретінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлішер Нұршаев, екінші орынбасары ретінде Атырау облыстық мәслихаты аппаратының тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Даралиев бекітілді. Сондай-ақ, кеңеске Атырау облысының қоғамдық кеңес мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, білім беру саласының қызметкерлері де қатысып, есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жетілдіру, білім беру мекемелерінде профилактикалық шараларды жүйелі өткізу мәселелерін талқылады.

Жиын барысында департамент бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов ортақ міндеттерді үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, нашақорлықпен күрес шараларын одан әрі күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Кеңестің құрылуы – жастарды есірткіге қарсы әрекетке тарту және алдын алу жұмыстарын жандандыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама қоғам мен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылын нығайтып, болашақ ұрпақты зиянды әдеттерден қорғауға септігін тигізеді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT