Мұнай өндіру саласындағы әйел жетістікке қалай жете алады?

Бұл туралы түркі мемлекеттерінің әйел кәсіпкерлерінің халықаралық конгресі аясында «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері айтты.

2ec641e4 e8f2 4775 bb22 ed4db2ec6109

Форумға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген делегаттар қатысты. Түркі әлемінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың негізгі мәселелері, атап айтқанда әйелдердің бизнестегі рөлі және олардың түрлі салалар мен өндірістерге қосқан үлесі талқыланды.

«Теңізшевройл» ЖШС Бас директорының орынбасары Көңілқос Сүйесинов айтқандай, ТШО гендерлік теңдік қағидаттарын қолдайтын және ұстанатын компания ретінде түркі мемлекеттерінің жыл сайынғы Халықаралық әйел кәсіпкерлер Конгресіне қолдау көрсетіп келеді.

⁃ Біздің гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі бастамаларымыз үш негізгі элементке негізделеді: жайлы және қауіпсіз жұмыс ортасы, жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі, іске асыру және дамыту мүмкіндіктері. Гендерлік теңдік-бұл жай идеология емес, бұл біздің болашағымыздың негізі, — деді Көңілқос Сүйесінов.

Компанияның адам ресурстарын басқарудың бас менеджері Кәмшат Байжанова «Теңізшевройл» әйелдерді мұнайшы ретінде жұмысқа тартып қана қоймай, оларды салада қалдыру да маңызды деп санайтынын айтты.
⁃ Бүгінде «Теңізшевройл» компаниясы гибридті жұмыс кестесін енгізді. Дүйсенбі және жұма онлайн, ал қалған жұмыс күндері — офлайн. Жұмыс және жеке өмір теңгерімін сақтау үшін компания қосымша әлеуметтік демалыстар ұсынады: жүктілік бойынша медициналық есепке қою үшін үш ақылы күн; некені тіркеуге байланысты бес ақылы күн; баланың туылуына, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты бес ақылы күн; төрт және одан да көп баласы бар ата-аналардың біріне қосымша екі демалыс күні берілуде.

e37a7e3f 9b93 4115 925e d9f5ef9b8af6

Сонымен қатар, ТШО өзінің әлеуметтік бастамаларының арқасында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдап келеді. Мәселен, Жылыой ауданында жыл бойы «Таңдау» жобасы іске асырылды, оның аясында аудан тұрғындары 2,5 — 4,5 млн. теңгеге дейін пайызсыз қарыз ала алды. Өз бизнесін ашқан немесе кеңейткен осы жобаның жеңімпаздарының 50%-ы әйел кәсіпкерлер.
Әлеуметтік инвестициялардың ерікті бағдарламасы шеңберінде үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) «Қадам» жобасын да іске асыруда, оның шеңберінде көп балалы аналарға, жалғызбасты аналарға және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге бизнес негіздері оқытылады.
Осы жобаға қатысушылар арасында Жылыой ауданының тұрғындары өздерінің шағын кәсіпорындарын ашып, өздерін жаңа бизнес — ортада белсенді көрсетуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT