Миялы ауылының тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 2024 жылғы 31 наурызда сағат 17:45-тен бастап Миялы ауылының тұрғындарын Халықты қабылдаудың 3 пункті бойынша ішінара эвакуациялау басталды.

Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Миялы ауылының 559 тұрғыны, оның ішінде 327 бала эвакуацияланды.

1.    Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп: 210 адам, оның ішінде 124 бала;
2.    Ы. Шореков атындағы мектеп-гимназиясы: 79 адам, оның ішінде 53 бала;
3.    "Нұршуақ" балабақшасы: 270 адам, оның ішінде 150 бала;

Тұрғындарды эвакуациялауға ТЖД 12 қызметкер, 2 бірлік техникасы; ЖАО 6 қызметкері 4 техникасы жұмылдырылды. 


Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521