Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Мемлекеттік сатып алулар: практикалық қолданылуы» атты семинар басталды.
Аталмыш семинардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік сатып алу бағытындағы білім деңгейін тереңдету мен практикалық дағдыларын жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
Семинарға аудан әкімі Азамат Мәмбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, кент әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Алдымен семинардың алғы сөзін Азамат Саматұлы ашып, мемлекеттік сатып алудағы бірқатар өзгерістерді меңгерудің маңыздылығына тоқталып өтті.
Әрі қарай семинардың дәріскерлері семинар барысында ауданның мемлекеттік қызметшілерімен өздерінің кәсіби білімдерімен бөлісетін болады.
Айта кетейік, аталмыш семинар апта соңына дейін жалғасады.
Жаннұр ҚАМЗА