Мемлекет басшысы UTEBAYEV UNIVERSITY ұсынған жобамен танысты

11-15 ақпан аралығында Астанадағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестиваліне Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті де қатысып жатыр.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова оқу орны профессор-оқытушылары мен студенттері дайындаған виртуалды шындық (VR) көзілдірігін таныстырды. VR көзілдірігі арқылы студенттер оқу үдерісі мен зертханалық жұмыстардың иммерсивті тәжірибесін көре алады.

UTEBAEV UNIVERSITY стендінде университеттің білім беру бағдарламалары мен жетістіктері таныстырылып, мұнай-газ саласындағы болашақ мамандарды даярлау бағытындағы жұмыстар көрсетілуде.
Фестиваль Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT