Маманның мәртебесін арттыратын қадам

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында қоғамдағы толғақты мәселелердің талқыға түсіп, оларды шешудің оңтайлы жолдары қарастырылды, нақты шешімдер алынды. Бұл туралы Президенттің өзі айрықша атап өтті. ​

Соның ішінде, Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп бекітуіне байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жариялап, оны күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің қатарына қосқаны құптарлық қадам болды. ​

Бұдан бөлек, республикадағы мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ (негізінен ғалымдар мен өнертапқыштар, инженерлер, сәулетшілер мен құрылысшылар, кеншілер, геологтар, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне қатысты)енгізілуі де әділ жөнімен қабылданған ұйғарым ретінде қабылданды. Оған қоса, елімізде алпыстан астам кәсіби мерекенің (оның ішінде «Еңбек күні» де бар) атап өтілетіні де көптің көңілінен шыққаны кәміл. Соған сай жыл санап мемлекеттік наградаларға ұсынылып, марапатталуға жататын жұмысшы мамандар мен қарапайым еңбек адамдарының қатары көбейе түсеріне сенімдіміз.

Тамара АМАНТУРЛИНА,

мемлекеттік қызметтің ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT