Құмар ойынға әуестену адамның жүйкесін әлсіретіп, отбасындағы қарым-қатынасты бұзады, өз-өзіне деген сенімін жояды.
Мұндай адамдар шынайы өмірден алшақтап, тек жеңіске жетуді мақсат ететін ойсыз күйге түседі. Бұл — тәуелділіктің ең қауіпті түрі.бұл дерттің алдын алу үшін жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету орталықтарын көбейту — өте маңызды.Әр адамның санасында жауапкершілік пен өзін-өзі бақылау мәдениетін қалыптастыру қажет деп санаймын.
Беккалиева Нұрбану
психолог

