Ұлттық құрылтай – 2025: Президент 54 тапсырма жүктеді

Биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құзырлы органдарға бірқатар тапсырма берді.

- Бурабай төрінде өткен Ұлттық құрылтайда бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Президент тарапынан еліміздің саяси және әлеуметтік дамуына ықпал ететін өзекті тапсырмалар беріліп, құрылтай мүшелерінің мазмұнды ұсыныстары айтылды. Аталған отырыста Президент тарапынан жалпы саны 54 тапсырма берілсе, оның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне 21 міндет жүктелді, - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ардагерлер кеңесінің пленумында.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Президент Әкімшілігі бекіткен кешенді жоспар аясында жұмыс басталып кетті.

- Сонымен қатар біздің министрлікте Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы ретінде құрылтай мүшелерінен түскен ұсыныстар бойынша дербес жоспар бекітілді. Құрылтай мүшелерінен жалпы саны 113 ұсыныс түссе, оның ішінде 32-і біздің ведомствоға қатысты ұсыныстарды қамтиды. Аталған ұсыныстар арасында ардагерлер ұйымдарымен бірлесе атқарылатын маңызды бағыттар да бар, - дейді ол.

Еске салайық, 14 наурызда Бурабайда ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT