Ұлттық кітап күні Индер ауданында аталып өтті

 

Өткен жылы өткізілген Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін құру туралы бастамасын қолдап, оқуға деген сүйіспеншілік – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, көптеген елдерде осындай мерекелер бар және Қазақстан осы әлемдік трендке ілесуі керек. Ұлттық кітап күнін енгізу халық арасында оқуды насихаттауға ықпал етеді. Бұл – қоғамның, әсіресе жастардың мәдени және рухани дамуына жасалған маңызды қадам деп атап өткен болатын.  Үкіметтің арнайы қаулысына сай еліміздегі мерекелердің қатарында 23 сәуір «Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Еліміз бойынша алғаш рет аталып өткен мереке Индер ауданында да салтанатты жағдайда атап өтілді.

Аудандық мәдениет үйінің алаңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар ұжымдары Ұлы Абайдың туғанына 180 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кітап, сурет, қол өнер бұйымдары көрмелерін көп назарына ұсынды. Мерекелік салтанатқа қатысқан тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин құттықтады.

-Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді бүгінгі күні аталып отырған «Ұлттық кітап күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Ауданымызда  кітапханалар жүйесінің жұмысын жетілдіре түсуде, оқырмандармен байланысын нығайту бағытында да ілгерлі істер бар. Ауданда 13 кітапхана оқырманға қызмет етсе, 20019 мың дана кітап қоры жасақталған. Оқырман қатары артып күні бүгінде 13 мың оқырман кітапханамен терең байланыс жасап отыр. Көптен сөз болып жүрген балалар кітапханасы күрделі жөндеуден өткізілуде, ал Ынтымақ, Құрылыс ауылдарында жаңадан кітапхана ғимараттарын салу жоспарланып алғы шарттары жасақталуда. Сөз жоқ, бұл ұлт руханиятына қызмет ететін бірден-бір рухани орталық кітапханалар жүйесіне деген мемлекеттің көрсетіп отырған айрықша қамқорлығы деп қабылдағанымыз жөн.
Құрметті оқырмандар, Сіздерді тағы да «Ұлттық кітап күні» мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын. Ұлтына қызмет етуе тиіс ұл- қызымыз кітап нәрімен әрі білімімен сусындап өсе берсін!- деді аудан әкімінің орынбасары өз құттықтауында.

Ардагер ұстаз, аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы Нұргүл Каримова өзінің ақ тілегін жеткізіп құттықтады.
Аудандық балалар өнер мектебінің «Алдаспан» жас ақындар клубының мүшелері ақындардың кітап туралы жазылған өлеңдерін оқып берді.  Аудандық мәдениет үйінің «Бойтұмар» биі ансамблі, жас әншілер Нұрсұлтан Бұқар, Олжас Аққалиев, Рысбай Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің жанынан құралған ансамбл өз өнерлерін паш етті.

С.КӨШЕКОВ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT