Әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өсті

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5 %-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5 %-ға артты.

Осылайша жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін –  101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін 55 474 теңгені құрайды.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 60 407 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 772 теңге болады.

Айта кетейік, 2024 жылы мүгедектігі  және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT