Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына қарасты 5546 әскери бөлімінде жаңа оқу кезеңінің салтанатты ашылу шарасы өтті.
Іс-шараға ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қазкеев Бекайдар Маратұлы, сондай-ақ әскери бөлім ардагері қатысты.
Ашылу салтанатында жауынгерлік қызметтің үздігі, атқыштар ротасының командирі Д.Қожатайға мемлекеттік ту көтеру құрметі берілді.
Салтанатты бөлімнен кейін әскери бөлім мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағына кірісті. Сабақты жеке құраммен генерал-майор Б.Қазкеевтің өзі жүргізді, сондай-ақ ол ҚР Президенті мен Ішкі істер министрінің талаптарын жеке құрамға жеткізді.
Бұдан кейін бөлім әскери қызметтің қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында оқу нүктелеріне бөлініп, жаңа кезеңнің алғашқы дайындықтарын бастады.