Кызылқоға ауданында округ тұрғындары жаңа үйлерінің кілттерін алды

Ойыл ауылдық округінде мемлекеттік бағдарлама аясында төрт үй пайдалануға беріліп, олар көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және әлеуметтік осал топтарға табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Жаңа баспананың бақытты иелерінің бірі – Шынар Асан есімді ауыл тұрғыны. Шынардың анасы Жанат Жайкина қуанышын жасырмады.
– 2020 жылы қызым үшін үй кезегіне тұрған едік. Міне, көптен күткен арманымыз орындалып, өз үйімізге қол жеткіздік. Барлық отбасыларға бақыт тілеймін! – деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT