Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен ономастика саласын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Өйткені көшелер мен елді-мекендерге атау беру мен берілген атауларды өзгерту мәселесінде жергілікті атқарушы билік тарапынан көптеген олқылықтар жіберілген.
Жасыратыны жоқ қоғамда көше атауына келгенде ағайынын тықпалауға әзір шенділер әлі де кездесуде.
Одан бөлек көше атаулары жазылған маңдайшалардағы қателік шаш етектен.
Осы ретте ономастика саласына нақты регламент енгізілді.
Ендігі кезекте жауапты өкілдер өздеріне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқарады деп ойлаймын.
Қабылхан Омаров,
ардагерлер кеңесінің мүшесі