Соңғы бір айда Атырау облысының аумағына қарасты облыстық және республикалық маңызы бар тасжолдарда, сондай-ақ ауылішілік жолдарда бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, аталған апаттардың салдарынан адам өлімі тіркеліп, оның ішінде жасөспірімдердің өмірін қиған қайғылы жағдайлар да болды. Осы ретте, сіздерге тағы да жол қауіпсіздігін сақтау өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығы үшін маңызды екенін айтқым келеді. Жол апаттары туралы ақпараттарға назар аударып, сақтық шараларына мұқият болуларыңыз үшін және жауапкершілік танытуларыңыз үшін хабарлаймыз!
1 шілде күні 21:00 шамасында Құрманғазы ауданында ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиға орнында жасөпірім қаза тапты.
7 шілде күні сағат 19:35 шамасында Құлсары қаласында ПАЗ 3204 және мопед көлік құралдары соқтығысып, салдарынан жасөспірім қаза тапты.
14 шілде күні сағат 23:48 шамасында Мақат ауданы, Доссор поселкесінде жасөспірім басқарған мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қаққан. Нәтижесінде жаяу жүргінші ауруханада қаза болды.
15 шілде күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 814 шақырым тұсында Toyota және EXEED автокөліктері соқтығысып, салдарынан 4 адам қаза тапты.
20 шілде күні сағат 23:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 496 шақырым тұсында Toyota автокөлігінің жүргізушісі түйе малына соқтығысып, жолаушысы қаза болды.
28 шілде күні сағат 23:09 шамасында Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылында Лада 21713 автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жаяу жүргіншіні қаққан. Нәтижесінде жаяу жүргінші ауруханада қаза тапты.
30 шілде күні сағат 20:45 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 624 шақырым тұсында Газ және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысып, нәтижесінде Toyota Alphard автокөлігінің жасөспірім жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.