Kazenergy қауымдастығының ұйымдастыруымен мұнай-газ секторындағы экология саласындағы мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Оған ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев және министрліктің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ қауымдастыққа мүше мұнай-газ өндіру және өңдеу кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Олар компанияның негізгі экологиялық нысандарына, Теңіз ЭкоОрталығына, сондай-ақ суды қайта өңдеу және кәріз-тазарту ғимараттарына барды. - Сапарымыздың негізгі мақсаты – мұнай-газ секторындағы ірі компаниялардың өндірістік қызметімен, сондай-ақ жаңа техникалық шешімдерді енгізу қарқынымен , қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын іске асыру деңгейімен танысу және тәжірибе алмасу. Экологиялық бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатқанын, әрі біз барған компаниялар бұл мәселеге немкетті қарап отырмағанын атап өткім келеді, - деді Ж.Әлиев. «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры Кевин Лайонның айтуынша, кәсіпорын 2000 жылмен салыстырғанда атмосфераға жіберетін шығарындылардың қарқындылығын 76%-ға төмендетті, бұл компания тарихындағы ең төменгі деңгей. - ТШО адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға басымдық бере отырып, Қазақстанның стратегияларын қолдауда өз рөлін атқарады. Біз ҚР Экологиялық кодексін іске асыруда қолдау көрсету үшін экология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтасуға дайынбыз. ТШО-ның экологиялық қағидаттары мен құндылықтарын ұстана отырып, біз келесі буын үшін тұрақты болашақ пен одан әрі экономикалық прогресс құру бойынша ортақ күш-жігерге өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз, - деді К.Лайон. Айта кетейік, Теңізде қалдықтарды басқарудың тиімді әдістерінің арқасында пайда болған қалдықтардың 51%-ы қайта өңделіп, пайдаланылады. Суды қайта пайдалану коэффициенті де саладағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. 2024 жылдың үшінші тоқсанында судың 47% қайта пайдаланылған.
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Теңіз кен орнының жұмысымен танысты
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 63