Қазақстандағы қосылған құн салығының мөлшерін арттыру мәселесі қоғамда үлкен талқылаулар тудырды. Бұл ұсыныстың бизнес үшін қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін түсіну маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйенсек, бұл мәселе туралы шешім қабылдамас бұрын барлық тараптың пікірін ескеру өте маңызды, соның ішінде сарапшылар, кәсіпкерлер, депутаттар және қоғам өкілдері де бар.
Президенттің сөзінде қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттырудың кері әсері туралы айтылады. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп, табысты жасыру мен көлеңкелі кәсіптердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Тіпті кәсіпкерлердің кейбірі бизнесін жабуға мәжбүр немесе жұмыссыздықтың өсуіне себеп болуы ықтимал. Сондай-ақ салықтың артуы тұтынушыға да ауыртпалық әкеледі. Себебі салықтың шығындарын жабу үшін баға да көтеріледі. Бұл жағдай экономикаға теріс әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Октябрь НҰРАДИНОВ,
жеке кәсіпкер «Керуен» сауда орталығының басшысы