Қазіргі заманда қоғамның тұрақты дамуы мен экономиканың өркендеуінде еңбек адамдарының үлесі айрықша. Жұмысшы мамандығының беделін көтеру – уақытша шара емес, бұл – елдің болашағына бағытталған маңызды стратегиялық қадам. Еңбек адамына деген құрмет – мемлекетке деген сенім мен іргетасты нығайтумен тең. Жұмысшы мәртебесін өсіру кәсіби шеберлікті дамыту, нақты қабілет пен тәжірибені лайықты бағалау арқылы іске асады. Бұл тұрғыда кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруға мүмкіндік жасау – негізгі басымдық болып отыр. Сондай-ақ жастар арасында жұмысшы кәсіптерін заманауи әрі беделді бағыт ретінде таныту да бүгінгі күннің талабы. Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салалары бүгінде білікті жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан еңбек адамына деген сұраныс жылдан жылға артуда. Осыған сәйкес жалақыны көтеру, әлеуметтік қолдауды күшейту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кешенді түрде шешімін табуы тиіс. Шаяхмет Ищанғалиев, Ардагерлер кеңесінің мүшесі
Қоғамның күші – білікті жұмысшыда
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 11
