Қоғамның даму кілті – цифрлық трансформация

Президенттің биылғы жолдауында еліміздің цифрландыру бағытын күшейту мәселесі ерекше атап өтілді. Заманауи технологияларды енгізу — Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілетті болуына негіз. Қоғамның барлық саласын цифрлық жүйеге көшіру халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді.

Әсіресе, мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа көшуі кезек пен артық құжат айналымын азайтып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Цифрлық білім беру, медицина мен ауыл шаруашылығын автоматтандыру — болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыратын маңызды қадам.

Мен цифрландыру ел экономикасын дамытудағы шешуші күш болатынына сенемін. Әрбір азамат цифрлық сауаттылықты жетілдіріп, жаңашыл технологияларды игеруге талпынуы тиіс. Президент белгілеген міндеттерді жүзеге асыру — ортақ жауапкершілік.

Ақжан Жаманқұлова

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT