Заман көші алға жылжыған сайын нарық талабы да өзгеруде. Қоғамға қажетті мамандықтардың да сұранысы күн санап өзгеріп жатқандығы жасырын емес. Десе де мамандық атаулыларының ішінде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс артпаса, азайған жоқ.
Жұмысшы мамандықтарының маңызы артқан сайын, бұл салаға бағытталған қолдаудың артуы да қажет екені сөзсіз.
Жұмысшы мамандықтарының көбісі белгілі бір салада терең білім мен дағдыларды қажет етеді, бірақ оның ең басты ерекшелігі — кәсіби шеберлікті талап ететін практикалық бағытта болуы. Бұл салаларға көңіл бөлінуі, жастарды қолдауға бағытталған гранттар мен оқу бағдарламаларының артуы жастар арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттырады.
Жалпы, жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс еңбек нарығында білікті мамандардың жетіспеушілігінен туындап отыр. Ссондықтан бұл салаға деген қызығушылықты ояту үшін мемлекет пен кәсіпорындардың бірлескен күш-жігері қажет.
Мемлекет өз кезегінде тегін білім алуға жол ашса, ал кәсіпорындар мамандардың кәсіби дамуына қол ұшын тигізу арқылы нағыз жұмысшы мамандарын дайындай аламыз деп ойлаймын.
А.Рыспаева