Бүгінде кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесі қоғамды алаңдатуда. Қарым-қатынастағы түсінбеушілік, әлеуметтік желілердегі агрессия, құрдастар арасындағы кикілжіңдер – бәрі үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарау мүмкін емес.
Балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу ең алдымен отбасы тәрбиесінен басталады. Әр бала өзін қауіпсіз сезінетін ортада өсуге тиіс. Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара байланысы, мектеп пен қоғамның бірлескен жұмысы ғана нәтижеге жеткізеді.
Әрбір жасөспірімнің құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Зорлық-зомбылыққа мүлде жол бермеу үшін әр азамат белсенді ұстаным танытуы қажет.
Аманжолқызы Маргарита
Ұстаз


