ҚҚС мөлшері ғылым, білім және медиа саласының дамуын ескере отырып белгіленуі керек

Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы кәсіпкерлермен кездесуде ұсынылған қосымша құн салығы мөлшерін қайта қарау қажеттігін нақты жеткізді. Салық саясаты бюджетке түсетін кірісті қамтамасыз етіп қана қоймай, білім, ғылым және медиа сияқты маңызды салалардың дамуын да қолдауы тиіс. Бүгінде медиаиндустрия қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Ірі цифрлық платформалармен бәсекелестік, контент өндіруге кететін шығындардың артуы және жаңа технологиялық сын-қатерлер икемді салықтық тәсілді қажет етеді. Егер салықтық жүктеме тым жоғары болса, бұл тәуелсіз басылымдардың әлсіреуіне, сапалы сараптамалық материалдардың азаюына және қоғамның шынайы ақпаратқа қолжетімділігінің шектелуіне әкелуі мүмкін. Осындай жағдай білім мен ғылым саласында да байқалады. Жоғары салық мөлшері зерттеу жобаларының дамуына, оқу орындарын жаңғыртуға және жаңа технологияларды енгізуге кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі цифрлық дәуірде білім мен ақпараттың маңызы зор. Президент ҚҚС мәселесін сарапшылардың, бизнес өкілдері мен депутаттардың қатысуымен талқылауды ұсынды. Бұл – дұрыс қадам, өйткені салық жүйесі тек фискалдық міндеттерді ғана емес, елдің ұзақ мерзімді дамуын да ескеруі қажет. Экономиканың әртүрлі салаларына қосымша шектеулерсіз алға жылжуға мүмкіндік беретін оңтайлы тәсілді қалыптастыру маңызды. Қанат ӘУЕСБАЙ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT