АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Бас Прокуроры Берік Асылов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді. Ұлыбританияның өкіліне қазақстандық прокуратураның негізгі функциялары мен басым бағыттары туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ нақты қылмыстық істер бойынша іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Бас Прокурор қылмыстық сот ісін жүргізу саласында келісімдер жасасу арқылы шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту қажеттілігіне ерекше атап өтті. Әңгімелесуші өзара қызығушылық тудыратын барлық құқықтық мәселе бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін растады. Кездесу нәтижесінде тараптар трансұлттық қылмысқа, киберқауіптерге, қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл, сонымен бірге заңсыз шығарылған активтерді қайтару салаларында өзара ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты. Айта кетейік, бас прокурор Қазақстанда қылмыстық істердің 90 пайызы электрондық форматта тергеліп жатқанын айтқан еді.
Киберқауіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Бас прокуратура келісім жасады
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 13
