ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігін баса айтты.

Бұл жолғы Жолдау халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған.
Президент өз Жолдауында:

«Білікті медицина мамандарының тапшылығын шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырып, грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажет» деген болатын. Сонымен қатар, «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша» деді Мемлекет басшысы.

Олай болса, еліміздің жарқын болашағы мен кемел келешегі үшін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау – әр азаматтың борышы. Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген біраз мәселені көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Ендігі кезекте тек жұмыс жасау қажет.

Балбибі  ЕСЖАНОВА, 
денсаулық сақтау 
саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521