«ҚазМұнайГаз» «Таза Қазақстан» акциясына елеулі үлес қосты

Биыл «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш екті. Осылайша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған айтулы іс-шараға компания да елеулі үлес қосып отыр.

Ағаш отырғызу акциясы «Қаз­Мұнай­­­Газ»-дың кәсіпорындары орналас­қан барлық өңір­­д­і – Ақ­тау, Аты­рау, Ақтө­бе, Шым­кент, Қызыл­ор­да және Астананы қам­тыды. Қала­лар мен ауылдарда жаңа жа­сыл-желекті аймақ­­­тар құ­ру­ға, ком­панияның өн­діріс­тік ны­сан­дарының аумағын көгал­­­­­дан­­дыруға ерекше назар ауда­рыл­­­­ды. Жергілікті климатқа тө­­зім­­­ді ағаштар, соның ішінде қайың, қарағай және сәмбітал егілді.

0220-2023 жылдар аралығында ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары 100 мыңға жуық ағаш екті. Сонымен бірге 2024 жылы сәуір айының басында «ҚазМұнайГаз»-дың ұйым­дастыруымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 15 мың гектар алқапқа 4,5 млн сексеуіл кө­шеті отыр­ғызылды.

«ҚазМұнайГаз» көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау жө­ніндегі жұмысты әлі де жалғастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT