Биыл «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш екті. Осылайша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған айтулы іс-шараға компания да елеулі үлес қосып отыр.
Ағаш отырғызу акциясы «ҚазМұнайГаз»-дың кәсіпорындары орналасқан барлық өңірді – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда және Астананы қамтыды. Қалалар мен ауылдарда жаңа жасыл-желекті аймақтар құруға, компанияның өндірістік нысандарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Жергілікті климатқа төзімді ағаштар, соның ішінде қайың, қарағай және сәмбітал егілді.
«ҚазМұнайГаз» көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмысты әлі де жалғастырады.