Қазақстанда жеңілдетілген автонесие тағы беріле ме – министрдің жауабы

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШАРЛАПАЕВ НЕ ДЕЙДІ

– Бұл сұраққа бұрын да жауап бергенбіз. Жеңілдетілген несиеге ешкімнің көңілі толмайды. Себебі түсінікті – ниет білдірушілер көп, ал бөлінетін ақша аз. Бірақ автоөндірушілер де, қаржы нарығы да бір орында тұрмайды. Қазір мәселен, Үкімет заңнамалық тұрғыда жеке тұлғаларға лизингті енгізу тетігін қолдады. Екіншіден, автокөлік сататын компаниялардың өзі әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланып, көлікті бөліп төлеуге болатын жағдай жасады, – дейді ол.

Министрдің айтуынша, жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражат қоғамдық көліктерді дамытуға бағытталады. 

– Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаражат өте дұрыс болды деп ойлаймын. Қаражат қалалар мен облыс орталықтарда қоғамдық көліктерді қолдауға бағытталды. Біз қалаішілік қана емес, ауданаралық көліктерге де жұмсадық. Бұл позиция дұрыс деп есептеймін: автокөліктерге жеңілдетілген несие бергенше біз қоғамдық көліктердің сапасын арттырып отырмыз. Себебі оны көп халық пайдаланады. Жеңілдетілген автонесиені біз бір жарым жыл бұрын жаптық. Қазір ол қаражат қоғамдық көліктерді дамытуға бағытталып отыр, – деп жауап берді министр.

“Демек енді болмай ма?” деген сұраққа Шарлапаев бұл бағдарлама тоқтамағанын, одан түскен қаражат жеке көліктерді сатып алуға емес, қаланың инфрақұрылымына, қоғамдық көліктерге жұмсалып жатқанын айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521