25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан көлемінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн іс-әрекет» акциясы ұйымдастырылады, — деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметі.
Акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау және қайғылы оқиғалардың алдын алу. Іс-шара аясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау бағытындағы шаралар жүргізіледі.
–Егер сіз немесе сіз білетін адам зорлық-зомбылық құрбаны немесе куәгері болса, дереу полицияның 102 немесе 111 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуыңыз қажет. Акция қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға, қауіпсіз орта қалыптастыруға және әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған маңызды бастама, — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабаоламасында.

