Брюссельде СІМ басшысы Ермек Көшербаев пен ЕО-ның Жоғарғы өкілі Кая Каллас төрағалығымен отырыс өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2 желтоқсанда ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету және реадмиссия жөніндегі келісім бойынша келіссөздер басталатынын мәлімдеді.
ЕО Қазақстанның ең ірі экономикалық әріптесі болып қала береді: тауар айналымы $50 млрд-қа, инвестициялар көлемі $200 млрд-қа жетті. Елде 4 мыңнан астам еуропалық компания жұмыс істейді.
Сонымен қатар тараптар Орта дәлізді дамыту, «жасыл» экономика және цифрландыру саласындағы жобаларды талқылады (©Kursiv).

