Көлік жүргізушілерінің қысқы маусымда автокөлік дөңгелектерінің талапқа сәйкестігін тексеру, тас жолдарда жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 2-4 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз дөңгелек» рейдтік акциясы өткізілуде. Іс-шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 712 дерегі анықталып, 26 автокөлік айып тұрағына қойылды. Оның ішінде: - Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару-61; - Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру-485; - Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау-24; - Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы-11; - Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы-39 дерегі анықталды.
«Қауіпсіз дөңгелек» акциясы: 1 күнде 700-ден астам құқық бұзушылық дерегі анықталды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- 131
