Қаржылық сауатты болайық!

Заман дамыған сайын адамның қажеттіліктері күн санап артуда. Қажеттілігімізді өтеу үшін көк қағазды тиімді пайдалану да маңызды. Маңдай термен келген пайданы алаяқтардың жеңіл пайдасына айналдырып, алданып қалып жатқан халықтың қарасы да жоқ емес. 

Осы негізде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қаржылық сауатты болуды ерекше атап өткен болатын.

«Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр» - деді Президент өз сөзінде.

Иә, қаржылық сауаттылық – заман талабы. Осы ретте күнделікті тапқан нәпақыңды ұтымды жұмсап, жинау, алаяқтарға алданбау мақсатында «AMANAT» партиясының қолдауымен «Қарыссыз қоғам» жобасы ұйымдастырылған болатын.

Аталмыш жоба ауданымызда да іске асып, бірқатар аудан тұрғындары қаржылық сауаттылықтарын арттырды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы жобасында қарызға белшеден батпау үшін әр адам қаржылық жоспар құруы маңызды екендігі жіті түсіндірілді.

Қаржылық жоспар - әр айда, әр жылда табатын табысын тиімді пайдалануға жол ашады. Осындай халыққа пайдалы жоспарлардың ұйымдастырылуы алаяқтарға тойтарыс беріп, қарызсыз, қаржылық сауаттылығы мықты қоғам құруға алғышарт болады деп ойлаймын.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT