Облыс аумағында 2 маусым мен 6 маусым аралығында «Қару» және 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізіліп жатыр.
Осы ретте, Атырау қалалық полиция басқармасында Криминалдық полиция бөлімі мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен арнайы жиын өтті.
Іс-шара барысында жеке адамға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымдағы атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою сонымен қатар, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және оларды дайындау фактілерін анықтау жұмыстары жүргізіледі.