Үйде отырған әйелдер де кәсіп бастай алады

Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтары жылы», деп жариялады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», дейді халық даналығы.

Жұмыстың жаманы жоқ. Қазір  елімізде әйелдер де мамандығына сай жұмыс табылмаса, қолынан келетін істі бастап, көштен қалмай өмір сүруде. Әсіресе олардың арасында кәсіпкерлікте дамып келеді. Қаншама келіншектер заман талабына сай өздерінің сүйікті ісін кәсіпке айналдыруда. Осы жағынан алғанда оларды «Жұмыс жоқ», деп үйінде жатып алатын ерлерге үлгі етуге болады.

Отбасы қамын, үш перзентінің тәрбиесін, сондай-ақ, бизнесті қатар алып жүрген жандардың бірі Тажиева Гүлжан.

Гүлжан Атырау қаласының тумасы, 2009 жылы Құрманғазы ауданының азаматына тұрмысқа шығып, 10 жыл өзін отбасына арнап, бала тәрбиесімен айналысып үйде отырды. Содан кейін аудан орталығында орналасқан «Құлагер» ғимаратында донер дайындаушы болып жұмыс жасап жүріп, маникюр мамандығына қызығып, курста оқып, сертификат алады. 2021 жылы үкіметтің жанынан берілетін ақшалай грантқа қол жеткізіп, кәсібін бастап кетті. Қазіргі уақытта өзінің жеке «Әдемі» атты сұлулық салонын ашып, қыз-келіншектерге маникюр жасап, пайдасын көруде. Отбасылы, үш перзенттің анасы.

Гүлдана Бралиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT