Исатай ауданы «Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғатты түлетуде

Бүгін Исатай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында игі іс-шара өтті. 

Аудан әкімі Нұрым Мусиннің қатысуымен Аққыстау ауылында аталмыш акцияға орай ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.

Ауданның барлық дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері, мекеме ұжымдары, ауыл тұрғындары мен жастар, еріктілер белсенділік танытып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданымызда көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары кең ауқымда жүргізілуде. Табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ міндет. Халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтпаған. Ағаш отырғызу – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі дәстүр,-дейді Исатай аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Венера Мұхитова.

 

 

Исатай аудан әкімдігінің мәліметінше, іс-шара барысында аудан орталығындағы алаңдар мен мекеме маңына 152 адамның қатысуымен 300-ден астам тал отырғызылды. Жалпы аудан бойынша 1100 тал егіліп700-ге жуық адам қатысқан. Бұл жұмыстар ауылдық округтерде де жалғасын табуда.

Таза табиғат – таза болашақ кепілі. Исатайлықтардың бүгінгі еңбегі осы ұстанымның айқын дәлелі болды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT