Жалпы, аудан бойынша су тасқынының алдын алып, бөгет салу және биіктету жұмыстарына 79 арнайы техника жұмылдырылуда.
Жаға бекіту бойынша ауданда қазірге дейін ұзындығы 11650 м бөгеттер салынды.
Қазіргі таңда, адам күшімен(мекеме қызметкері мен ауыл азаматтары, еріктілер) барлығы 83500 дана құм толы қапшық дайындады. Бұл жұмыстар күні-түні үздіксіз жалғасуда.
7 сәуір 20.00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі - 3,84 метр. Бір тәулікте су деңгейі 52 смге көтерілуі байқалды.
Суға кету қаупі бар әр учаскеге жауапты адамдар бөлініп, жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда аудандағы су тасқыны бойынша жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі