Индер ауданы тұрғындарының назарына!


 
2025 жылдың 22 мамыр күні Индербор кенті орталығы аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізу жоспарлануда.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолдана отырып барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.

Оқу жаттығудың мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Индер ауданының жедел штабының күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындауға дайындығын тексеру.

Аудан қонақтары және тұрғындарынан автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпараттарды басшылыққа алуды сұраймыз.

Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз. 

Индер аудандық ішкі саясат бөлімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT