АСТАНА. KAZINFORM – Барлығы 981 ұйым тексерілді. 421 мың тонна прекурсор алынды. 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында елімізде «Дәрмек» іс-шарасын өткізеді. Барлығы 981 ұйым тексерілді. 421 мың тонна прекурсор алынды. 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Тексеру барысында кәсіпорын басшыларына ескерту жасалды. Соған қарамастан, кемшіліктер анықталып жатыр.
Мысалы, сот шешімімен Балқаш қаласындағы ұйымның лицензиясы тоқтатылды.
https://kaz.inform.kz/news/m-prekursorlardin-zandi-aynalimin-bakilaudi-kusheytt-ff83a4/

