ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллектіні енгізіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрәли Сарбақышпен кездесу өтті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.

Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, елордада Еуразиядағы ірі стартап байқауы — Astana Hub Battle 2025 финалы өтті. Әділ қазы алқасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров және басқа да сарапшылар болды.

Байқауда астаналық Нұрәли Сарбақыш білім саласында емтиханның әділ өтуін қадағалайтын TrustExam жобасын ұсынған еді. Павел Дуровтың арнайы «Экспоненциалды өсім» номинациясында оның TrustExam жобасы үздік деп танылды.

Павел Дуров жеңімпаз астаналықты марапаттап, оның қабілеттерін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде 25 жасар қазақстандық Нұрәли Сарбақыш білім саласында емтиханның әділ өтуін қадағалайтын жобасы туралы кеңірек айтып берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT