ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша үздік әлеуметтік бейнероликке байқау жариялады

Толық ақпарат сайтта:

https://polisia.kz/ru/mvd-ob-yavilo-konkurs-na-luchshij-sotsial-nyj-videorolik-po-profilaktike-internet-moshennichestva/

https://polisia.kz/iim-internet-alayaqtyqtyng-aldyn-alu-bojynsha-uzdik-aleumettik-bejnerolikke-bajqau-zhariyalady/


#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#СенбеТексер

Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді. Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті. ІІМ ұсынады: ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз; картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз; күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-habarlajdy-bank-kartasyn-ushinshi-tulghalargha-bergeni-ushin-zhauapkershilik-engizild

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT