«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»: студенттерге өзін-өзі қорғау дағдылары көрсетілді

Сафи Өтебаев атындағы университетте «Заң және тәртіп» бағыты аясында «Өзіңнен баста, өзіңді қорға» тақырыбында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекет» халықаралық акциясы шеңберінде кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру, студенттердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру және өзін-өзі қорғаудың тиімді дағдыларын үйрету.

«Өзіңнен баста, өзіңді қорға» жобасы өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту, қауіпті жағдайларды ерте тану, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау, құқықтық сауаттылықты арттыру бағыттарын қамтыды. 
Кездесу барысында студенттер тиімді қорғану әдістерін меңгеріп, қауіп төнген сәттегі дұрыс әрекет ету тактикасымен танысты және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы пайдалы ақпарат алды.

Практикалық бөлімде Атырау облысы полиция департаментінің спорт шеберлері студенттерге өзін-өзі қорғаудың негізгі әдістерін, сондай-ақ қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету тәсілдерін тәжірибе арқылы көрсетіп, практикалық кеңестер берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT