Газ өңдеу, су тұщыту, электр стансасы – Президент ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы

− Қазір бүкіл елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардың өзінде Қашаған кенішінде газ өңдеу зауытын, сонымен бірге, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры мен «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін іске қосу жоспарланған, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасын салады. Оған қоса, Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылады.

− «Кендірлі» демалыс аймағында су тұщытатын зауыт жұмыс істей бастайды. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласы тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етеді. Қарағандыда және Екібастұзда болат қорытатын зауыттар, Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін химия кешені пайдалануға беріледі, − деді Президент.


Президент Торғай өңірінің дамуына тың серпін беретін ауқымды жоба туралы айтқан болатын.

Тегтер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ұлттық құрылтай
Инфрақұрылымдық жобалар

Айжан Серікжанқызы
Автор
Соңғы жаңалықтар
Мүшел жаста сүйікті затын сыйға беру дәстүрі қайдан келген
Дариға Назарбаева «Астана Опера» кеңесінің құрамынан шығарылады
Алматы не Өскеменде тұрғым келеді — Neo Nomad визасының алғашқы иесімен сұхбат
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Амур» клубымен ойнайды
Ұлттық құрылтай: Қарин Президент қандай бастамалар көтергенін айтты
10:55, 15 Наурыз 2025 | GMT +5
Ұлттық құрылтай: Қарин Президент қандай бастамалар көтергенін айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет кеңесші Ерлан Қарин кеше өткен Ұлттық құрылтайдың ерекшеліктері мен Президент көтерген бастамаларды атады.


Фото: Ақорда
Биылғы Ұлттық құрылтайдың негізгі ерекшеліктері

— Қоғамды толғандыратын өзекті мәселелердің кең ауқымы қамтылды;
— Президенттің сөйлеген сөзі мазмұны мен құрылымы жағынан жыл сайынғы Жолдаумен тең дәрежеде бағдарламалық сипатқа ие болды;
— Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жасап, көптеген мәселенің жүйелі шешімдерін ұсынды және болашаққа арналған міндеттерді айқындады;
— Ұлттық құрылтай мүшелерінің екі күн бойы айтқан барлық негізгі ұсыныстары Президенттің сөзінде көрініс тапты.

Жұмыс секциялары мен пленарлық отырыста қоғам белсенділері көтерген мәселелер мен бастамалар

— Экономиканы реформалау: инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу, салық-бюджет саласын жетілдіру, өңірлерде көлік инфрақұрылымын дамыту, еңбек нарығындағы өңірлік теңсіздіктерді жою, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету; жұмысшы мамандықтарын насихаттау;
— Әлеуметтік саясат: білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, ғылым мен денсаулық сақтауды дамыту, экология мәселелері; ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасау;
— «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру: алаяқтықпен күрес, әйелдер колонияларындағы жағдай, жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру. құқықбұзушы ата-аналардың жауапкершілігін күшейту;
— Идеологиялық жұмысты жүйелеу: ішкі саясат саласында бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеу, деструктивті діни ағымдармен күрес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс критерийлерін қайта қарау, ысырапшылдық пен мәдениетсіздікке қарсы тұру, «Адал Азамат» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты жүйелі түрде тәрбиелеу, ағартушылық жұмыстар жүргізу және мәдени-рухани мұраны ілгерілету.

Мемлекет басшысы қандай маңызды бастамаларды көтерді?

— Идеологиялық және гуманитарлық жобалар;
— Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу;
— Үкіметтік емес ұйымдар саласындағы заңнаманы жетілдіру;
— Шетелде Абай институттарын ашу;
— Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру;
— Ұлттық цифрлық архив құру;
— «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын іске қосу;
— Әр облыс орталығында ерекше балаларға арналған оңалту және даму орталықтарын ашу;
— Әр облыстық, аудандық орталықтарда, ауылдар мен кенттерде балаларға арналған футбол алаңдарын салу.

Экономикалық және инфрақұрылымдық бастамалар 

— Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі ел дамуының бес басым бағытын айқындау: цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, адами капитал;
— 2025 жылы нақты секторды қаржыландыру көлемін екі есе арттырып, 8 трлн теңгеге, ал келесі жылдары 10 трлн теңгеге дейін жеткізу;
— 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру;
— Алдағы төрт жыл ішінде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобаны іске қосу;
— Шекара маңы аумақтарын дамыту туралы жаңа заң әзірлеу;
— Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығатын автожол салу;
— Ядролық энергетика агенттігін құру.

Айта кетейік, кеше Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың сөйлеген сөзімен сілтеме өтіп танысуға болады. 

 https://kaz.inform.kz/news/ulttik-kuriltay-memleket-basshisi-kanday-bastamalar-koterd-210dc3

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT