Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті.

Іс-шараға ІІО құрметті ардагері, ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесінің мүшесі Ниматов Исат Ибағалиұлы, Ауған және ІІО ардагері, Атырау облыстық Ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, отставкадағы полиция майоры Шәкіров Толыбай Шәкірұлы және Атырау облыстық полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы Сүйіндіков Қуандық Мұратбекұлы қатысты.
Қатысушылар жастарға заң мен тәртіптің қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріп, заңды сақтау арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтар

ын қорғауға болатынын атап өтті. Сондай-ақ жастардың құқықтық сауатының қоғамдағы тәртіпті нығайтуға әсер ететінін, заң бұзушылықтар мен алаяқтықтан сақ болу қажеттігін жеткізді.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Заң клиникасы жетекшісі мен студенттері, №47 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары іс-шара барысында сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT