Есірткі қылмысының алдын алу мақсатында полицейлер ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды күшейту, олардың медициналық емес мақсатта қолданылуының алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды. Кездесу барысында синтетикалық есірткілердің таралу жолдары, оларды жасыру әдістері, интернет арқылы сатудың құқықтық салдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны, оның психологиялық және әлеуметтік әсері түсіндірілді.
Қатысушыларға нашақорлықтың алдын алу шаралары түсіндіріліп, күдік тудыратын жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына жедел хабарлау қажеттігі жөнінде ұсыныстар берілді.