"Экстазиді бір рет тұтыну мидың серотонин жүйесін зақымдайтыны сонша, ол ешқашан бұрынғы қалпына келмейді. Есірткі жүйке жасушаларының ақпаратты жіберу, алу және өңдеу тәртібіне кедергі жасау арқылы сигнал беру жүйесін бұзады. Химиялық құрамы саналуан болғандықтан, есірткілердің барлығы тікелей миға шабуыл жасайды.
Тіпті есірткіні қойған күннің өзінде, теріс әсері жалғаса береді. Соңында мұның барлығы мидың өз жұмысын тоқтатуымен аяқталады. Марихуана және героин секілді препараттардың құрамы нақты нейротрансмиттерлерге ұқсайтындықтан, кей препараттар нейрондарды белсендіріп, миға қажетсіз, кездейсоқ сигналдар жібереді. Сондай-ақ кокаин, метамфетамин және амфетамин секілді есірткі түрлері мидың рециркуляциясының бұзылуына алып келеді. Себебі олардың әсерінен табиғи нейротрасмиттерлер өте көп мөлшерде бөлінеді. Осылайша нейрондар бір-бірімен өзара тығыз байланыс орнатып, мидың байланыс ошақтарына теріс әсерін тигізеді. Жай сөзбен айтар болсақ – есірткі тұтынатын адамның басына бір адам кіріп алып, қатты айқайлап жатқандай болады".
"Есірткіні тұтынып бастау оңай, бірақ одан қашып құтылатын жол мүлдем жоқ деуге болады. Құдды осы жолды іздеп жүргенде биік тауға шыққандай әсерде боласыз. Интернетте нашақорлықтан емделуге қатысты ақпарат көп. Ал ең жақсысы – бұл кеселдің алдын алу деп ойлаймын. Ол үшін балаларымыздың бақытты, махаббатқа толы ортада өсуі маңызды. Осылай ғана ол жаны ауырған кезде есірткіге тұра жүгірмейді"
психолог Жанар Оспанова


