Атырау облысы аумағында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жазаны өтеу орындарынан босатылған, сот әкімшілік қадағалау белгілеген тұлғаларды бақылау мақсатында 10-23 ақпан күндері аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шара кезінде рецидивтік, алкогольдік, отбасы-тұрмыстық қылмыстың алдын-алуға және жолын кесуге бағытталған шараларды жүзеге асыру мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері Пробация қызметімен бірлесіп есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайларынан тексеру жұмыстарын жүргізеді.