Президент Жолдауында жарық көздерін жаңғырту мен энергия тиімділігін арттыру мәселесі ерекше аталды.
Қазіргі әлемде энергияны үнемдеу — тек экономикалық емес, экологиялық та маңызды қадам. Елімізде жарықтандыру жүйелерін заманауи, үнемді технологияларға ауыстыру – шығынды азайтып қана қоймай, қалалардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Энергия тиімділігі – тұрақты дамудың негізгі факторы. Жолдау бұл бағытта нақты міндеттер қойып, тұрғындар мен мемлекеттік мекемелерді жауапкершілікке шақырады. Жаңартылған жарық көздері – болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырудың кепілі.
Жолдауда айтылған бастамалар – еліміздің энергия мәдениетін жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам.
Утепбергенова Г
Индер ауданы тұрғыны

