Елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қызмет жүйесін жаңғырту басталды

Бұл әлеуметтік кодексті іске асыру аясында қолға алынды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, Семей, Тараз және Кентау қалаларында 150 орындық 3 оңалту орталығы қолданысқа берілді.

«Еліміздің 6 өңірінде (Шымкент, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз және Қостанай) аутизм спектрінің бұзылуы бар және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларға күндізгі болу орталықтары ашылды. Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарды жөргектермен қамтамасыз ету нормасы ұлғайды; спина бифида диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарға бір рет қолданылатын майланған катетерлер енгізілді; менталдық бұзушылықтарымен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделу ұсынылады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT