Елдің болашағы – цифрлық трансформацияда

Президенттің 2025 жылғы Жолдауында атап өтілген цифрлық даму бағыты – елдің экономикалық өсіміне серпін беретін стратегиялық қадам. Қоғамның барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру – уақыт талабы.

 

Бүгінде цифрландыру азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, кәсіпкерлікке, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Инновациялық шешімдер, жасанды интеллект пен заманауи инфрақұрылым еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

 

Жолдау аясындағы міндеттерді жүзеге асыру – цифрлық сауаттылықты көтеруді, жаңа технологияларды меңгеруді және цифрлық қауіпсіздікті күшейтуді талап етеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Қазақстанның цифрлық экономикаға сенімді қадам жасауына негіз болмақ.

 

Жумагалиева А

Аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT